387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинаның қаржылық жағдайы нашарлай түсуі мүмкін

  • 151
  • UPD: 08:40, 18.08.2019
Аргентинаның қаржылық жағдайы нашарлай түсуі мүмкін

Аргентинаның қаржы экономикалық жағдайы одан әрі нашарлай түсуі ықтимал. Себебі екі бірдей халықаралық рейтингтік агенттік бұл мемлекеттің төлем деңгейін төмендетті.

S&P (Стандарт энд Пурс) оның қаржылық мүмкіндігін В минустан В-ға өзгертті. Бұл мемлекет дефолттық жағдайға тақады дегенді білдіреді. Ал Fitch агенттігі тіпті Аргентина жақында дефолт жариялауы мүмкін деп отыр.

Еске сала кетейік, Аргентинада осы аптада президенттік праймериз өтіп, солшыл блоктың өкілі Альбрто Фернандес қазіргі президент Маурисио Макриді жеңіп кетті. Енді инвесторлар Фернандес сайлауда жеңіске жетсе елде дефолт жариялайды деп алаңдап отыр.

Хабар 24 телеарнасы