387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Одессаның қонақ үйіндегі өрттен қаза тапқандар саны артты

  • 147
  • UPD: 11:22, 18.08.2019
Одессаның қонақ үйіндегі өрттен қаза тапқандар саны артты

Одессадағы «Токио Стар» қонақ үйіндегі өрттен қаза тапқандар саны 9 адамға жетті. 

«Нақтыланған ақпарат бойынша 17 тамызда сағат 14:12-де тергеу жүргізу барысында өрт болған жерден 9 адамның мәйіті табылды», - делінген Украина Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, 17 тамызға қараған түні Одесса қаласындағы «Токио Стар» қонақ үйінде өрт шығып, сегіз адам қаза тауып, тоғыз адам ауруханаға жеткізілген. Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ғимараттан барлығы 150 адам эвакуацияланды.

Хабар 24 телеарнасы