387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстандағы лаңкестік жарылыстан қаза тапқандар саны 63 адамға жетті

  • 184
  • UPD: 14:03, 18.08.2019

Ауғанстан астанасында үйлену тойы кезінде жарылыс болып, 63 адам қаза тапты. Тағы 180-нен астам тұрғын жарақат алды.

Лаңкестік жұрт той өтетін ғимараттың ішіне жиналған кезде болды. Бір жанкешті салтанатты сарайға кіріп, өзін жарып жіберді. Шабуылды қандай лаңкестік топ жүзеге асырғаны белгісіз. Қазір жапа шеккендерге көмек көрсетіліп, лаңкестер іздестірілп жатыр. Жергілікті билік қаза тапқандардың саны арта түсетінін айтады.

Саид Агхашан, даяшы:

- Мен тамақ пісіретін бөлмеде едім. Бір кезде той өтіп жатқан залда қатты жарылыс болды. Оның жойқын болғаны соншалықты тіпті құлағым бітіп қалды. Тек адамдардың далаға қашып шығып жатқанын көрдім. Жарылыс кезінде бірнеше әріптесім қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы