387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гран-Канария аралында қайтадан орман өртенді

  • 171
  • UPD: 12:59, 18.08.2019
Гран-Канария аралында қайтадан орман өртенді

Испанияның Гран-Канария аралында орман тағы отқа оранып, 2 мың адам эвакуацияланды.

Бұл жолы өрт аралдың солтүстік бөлігінен шыққан. Қазір тілсіз жаумен күреске ұшақтар мен тікұшақтар жұмылдырылған. Бірақ күннің ыстық әрі желді болуы оны сөндіруге кедергі келтіріп, қызыл жалын 500 гектар жерге таралып үлгерген.

Айта кетейік, өткен аптада да осы аралдың солтүстік-батыс бөлігінде орманды алқап өртке оранып, жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірліген еді. Ал ресми дерекке сүйенсек, биыл жыл басынан бері Испанияда ондаған орман өрті тіркеліп, 55 мың гектар алқап жанып кеткен екен.

Хабар 24 телеарнасы