389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия екі апта бойы теңізде тұрған кемеден мигрант балаларды қабылдады

  • 148
  • UPD: 16:29, 18.08.2019

Италия вице-премьері Маттео Сальвини 2 аптадан бері ашық теңізде тұрған Open Arms (Опен Армс) кемесіндегі 27 жасөспірім мигрантты қабылдауға келісті.

Ішкі істер министрі мұндай қадамға елдің премьер-министрі Джузеппе Контенің сұрауынан кейін барған. Онда үкімет басшысы босқындарды ел аумағына кіргізбеу мемлекет беделіне нұқсан келтіретінін айтқан.

Еске сала кетейік, тамыздың бас кезінде испандық үкіметтік емес ұйымның кемесі Жерорта теңізінде 134 мирантты құтқарып алған болатын. Бірақ ресми Рим оны қабылдаудан бас тартып, келімсектер екі аптадан бері кемеде күнелтуге мәжбүр. Құтқарушылар борттағы жағдай қиын екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы