387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Даккада өрттен 50 мыңдай адам баспанасыз қалды

  • 146
Даккада өрттен 50 мыңдай адам баспанасыз қалды BBC

Бангладеш астанасы Дакка қаласындағы кедей аудандардың бірінде өрт шығып, 15 мың үй тып-типыл жанып кетті.

50 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалды. Тұрғындар аман. Тек бірнеше адам жарақат алған. Жергілікті билік мұны өртке дейін осы аудан тұрғындарының айттап өзге аудандарға кетіп қалғанымен түсіндіреді. Ал мамандар тілсіз жаумен 6 сағат күресіп, әзер өшірген. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Билік апаттан жапа шеккен тұрғындардың бәріне көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы