387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та әсіре оңшылдар мен солшыл топтар арасында қақтығыс болды

  • 174
АҚШ-та әсіре оңшылдар мен солшыл топтар арасында қақтығыс болды

АҚШ-тың Портленд қаласында әсіре оңшылдар шеру өткізіп, солшылдармен қақтығыс болды.

13 адам қамауға алынған. Шараны мыңнан астам полиция қадағалаған. Бірақ фашизмге қарсы «Антифа» ұйымының мүшелері ұлтшылдардың жолын бөгеп, бүлік шықты. Солшылдар оңшылдардың шаһарда емін-еркін акция өткізуіне жол бермейміз дейді. Айта кетейік, АҚШ-тың Орегон штатындағы Портленд қаласы соңғы айларда әсіре ұлтшылдардың жиі бас қосатын жеріне айналған. Сөйтіп солшылдармен текетірес күшейіп, шаһардағы ахуал шиеленісе түскен.

Хабар 24 телеарнасы