389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда әскерилер мен оппозиция келісімге келді

  • 158
  • UPD: 16:58, 18.08.2019
Суданда әскерилер мен оппозиция келісімге келді

Судандық әскерилер мен оппозиция елдегі билікті бөлісу туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа сәйкес тараптар бірлескен тәуелсіз кеңес құруға келісті. Ол 6 азаматтық тұлға мен 5 генералдан құрылымдалмақ. Ал жалпыұлттық сайлаудан кейін бұл орган таратылып, елдегі билік азаматтық үкіметке тапсырылады. Еске сала кетейік, биыл сәуір айында Суданда әскери төңкеріс болып, мемлекетті 30 жылдан астам басқарған президент Омар әл-Башир орнын босатқан. Алайда халық әскерилердің билікті азаматтық үкіметке беруін талап етіп, қақтығыстар орын алған еді.

Хабар 24 телеарнасы