385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль мен Газа секторы шекарасындағы жағдай шиеленісті

  • 152
Израиль мен Газа секторы шекарасындағы жағдай шиеленісті RT

Таяу Шығыстағы жағдай қайта шиеленісті.

Оған Газа секторындағы қарулы топтардың Сдерот қаласын зымыранмен атқылап, бірнеше тұрғынның жарақат алуы себеп. Израиль әуе күштері жауап ретінде Газадағы ХАМАС қозғалысының нысандарына соққы жасады. Осыдан кейін бір топ палестиналық еврей елінің аумағына өтпек болған еді. Әскерилер олардың көзін жойды. Тель-Авив егер ХАМАС ел аумағын зымыранмен атқылап, лаңкестік ұйымдастыруын тоқтатпаса, қатаң шара қабылдайтынын ескертуде. Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Израильдің шекараға жақын ауданында бір әскери мен тәртіп сақшысына шабуыл жасалып, полиция күштері жоғары дайындық жағдайына келтірілген.

Михаил Зингерман, Израиль полициясының баспасөз хатшысы:

– Газа секторымен шекарада жағдай шиеленісті. Сондықтан полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл аймақпен шекаралас мекендердің көшелеріне бақылау қатаңдатылды. Ол әскери бөлімшелермен бірлесіп жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы