387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания азық-түлік және жанармай тапшылығына ұшырауы мүмкін

  • 182
Ұлыбритания азық-түлік және жанармай тапшылығына ұшырауы мүмкін

Ұлыбритания Еуроодақтан келісімсіз шықса азық-түлік және жанармай тапшылығына ұшырап, елде наразылық күшеюі мүмкін.

Бұл туралы The Sunday Times газеті үкімет құжаттарына сілтеме жасап жазды. Басылымның хабарлауынша, мұндай жағдай шекарадағы бақылаудың қатаңдатылуынан туындамақ. Салдарынан азық-түлік бағасы өсіп, әлеуметтік қамтамасыз ету саласының қызметі қымбаттуы ықтимал. Еске сала кетейік, Ұлыбритания Еуроодақтан биыл наурыз айында шығуы керек болатын. Бірақ Қауымдар палатасы Тереза Мэй үкіметінің Брюссельмен жасаған келісіміншартын үш рет қолдамай, брексит кейінге шегерілген еді. Ал Мэйдің орынына келген Борис Джонсон қайтсек те қазанның 31-і күні одақтан шығамыз деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы