387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания Open Arms кемесіндегі мигранттарды қабылдайтын болды

  • 117
  • UPD: 08:08, 19.08.2019
Испания Open Arms кемесіндегі мигранттарды қабылдайтын болды dw.com

Испания премьер-министрі Педро Санчес 2 аптадан бері теңізде тұрған Open Arms кемесіндегі мигранттарды қабылдауға келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның мәлімдеуінше, келімсектер елдің оңтүстігіндегі Альхесирас портына жеткізілмек. Испан үкіметінің басшысы, сондай-ақ Еуроодақ елдерінен мигранттар мәселесін еуропалық құндылықтар негізінде шешуге шақырды.

Еске сала кетейік, тамыздың бас кезінде испандық үкіметтік емес ұйымның кемесі Жерорта теңізінде 134 мигрантты құтқарып алған болатын. Бірақ ресми Рим оны ел аумағына кіргізуден бас тартып, тек бірер күн бұрын ғана кемедегі 27 жасөспірім мигрантты қабылдауға келіскен.

Хабар 24 телеарнасы