385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда дәмхана қонағы сэндвич үшін даяшыны атып кетті

  • 113
  • UPD: 12:31, 19.08.2019
Францияда дәмхана қонағы сэндвич үшін даяшыны атып кетті

Франция астанасы Париж қаласы маңындағы Нуази-ле-Гран елді мекенінде дәмхана қонағы баяу қызмет көрсеткен даяшыға оқ атты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, артынша ізін суытқан. Ал иығына оқ жарақатын алған 28 жастағы даяшы жедел жәрдем жеткенше жан тәсілім еткен. Дәмхана қызметкерлерінің айтуынша, сэндвичке тапсырыс берген қонақ оны күтуге шыдамдылық танытпай, ашуға бой алдырған. Қазір осы оқиғаға байланысты  қылмыстық іс қозғалды. Ад күдікті іздестіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы