387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондураста жанкүйерлер арасындағы жанжал өліммен аяқталды

  • 83
  • UPD: 12:47, 19.08.2019
Гондураста жанкүйерлер арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Гондураста жергілікті «Олимпия» мен «Мотагуа» футбол командаларының кездесуі алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фанаттардың төбелесі стандион маңында басталған. «Олимпия» қолдаушылары қарсылас команда ойыншылары мінген автобусқа тас пен түрлі қауіп төндіретін заттар лақтырған. Сөйтіп, «Мотагуаның» 3 ойыншысы зардап шегіпті. Бұдан бөлек, жанкүйерлердің текетіресінен 3 адам қаза тауып, тағы 7 жанкүйер оқ жарақатын алған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір үшеуінің жағдайы аса ауыр. Жанжалға байланысты тәртіп сақшылары қос команда қолдаушыларына қарсы көз жасаурататын газ қолданды. Ал Тегусигальпа стадионында өтуі тиіс болған ойын кейінге қалдырылды.

Хабар 24 телеарнасы