385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрік шекарашылары заңсыз өтпек болған 330 босқынды ұстады

  • 169
  • UPD: 14:18, 19.08.2019
Түрік шекарашылары заңсыз өтпек болған 330 босқынды ұстады

Түрік жағалау қызметі Грекия аумағына заңсыз өтпек болған 330 босқынды ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, 10 тамыздан бері жағалауда құрықталған заңсыз босқындардың саны 700-ден асты. Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат хабарлайды. Оның айтуынша, Чанаккале провинциясы жағалауынан гректің Лесбос аралына бет алған мигранттар дені Ауғанстан, Сирия, Палестина, Иран мен Ирак азаматтары. Жалпы Еуроодақ елдеріне 2015 жылы 1 миллионнан астам босқын заңсыз жолдармен кірсе, бұл көрсеткіш 2016 жылы Түркия- Еуроодақ келісімінен кейін айтарлықтай төмендеген. Ал БҰҰ-ның деректеріне сүйенсек, 2019 жылы 50 мыңнан астам мигрант Еуропаға өтіпті. Бұл соңғы 5 жылдың ең төменгі көрсеткіші.

Хабар 24 телеарнасы