385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Grace 1 танкері Гибралтар аумағынан шықты

  • 146
  • UPD: 15:08, 19.08.2019
Grace 1 танкері Гибралтар аумағынан шықты

Британдық теңіз патрулі тұтқынға алған Иранның Grace 1 танкері Гибралтар аумағынан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ үкіметі Вашингтонның кемені тәркілеу мерзімін ұзарту талабына қарамастан оны босату туралы шешім қабылдады. Гибралтар билігінің мәлімдемесіне сай, Grace 1-ді тұтқында ұстаудың ешқандай себебі жоқ. Бұған қоса, ол Еуроодақтың санкциясына ұшырамайды.

Айта кетсек, өңделмеген мұнай тиеген танкер Гибралтар суларында 46 күн өткізді. Халықаралық суларға шықпас бұрын ол атын Adrian Darya-ға ауыстырып, Иран туын ілді. Осы ретте ресми Иран «кеменің босатылуын дипломатиялық жеңіс» деп атап, «бұл Ақ үй саясатының құлдырауы» деді.

Хабар 24 телеарнасы