386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда орман өртінен 8 мыңға жуық адам эвакуацияланды

  • 122
  • UPD: 08:05, 20.08.2019
Испанияда орман өртінен 8 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Испанияның Гран-Канария аралында орман өртке оранып, одан 8 мыңға жуық адам көшірілді.

Бұл туралы жергілікті билік хабарлады. Екі күн бойы қызыл жалынды ауыздықтау мүмкін болмады. Оған 700-ге жуық өрт сөндіруші, 16 тікұшақ пен ондаған арнайы техника жұмылдырылды. Құтқарушылардың айтуынша, қатты жел өртті өшіруге кедергісін келтірген. Қазір 3,5 мың гектар орман жанып кетті, енді от Тамадаба табиғи паркі орналасқан солтүстік-батысқа қарай жылжып барады. Ал онда қарағайлы тоғай бар.

Хабар 24 телеарнасы