Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Германия мен Францияны Brexit бойынша ымыраға келуге шақырды.
Ол Эммануэль Макрон мен Германияның канцлері Ангела Меркель Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу мәселесі қаралатын кездесуге барады деп үміттенеді. Джонсонның айтуынша, бұдан кейін дәл осы жайтқа қатысты келіссөздер болмайды. Дегенмен Біріккен Корольдік Еуропалық одақтан 31 қазан күні мәмілеге келмей-ақ кетуге дайын. Айта кетсек, британдық парламент бұған дейін Brexit жөніндегі келісімді үш рет қабылдамады.