387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда су тасқынынан 121 адам қаза тапты

  • 171
Үндістанда су тасқынынан 121 адам қаза тапты

Үндістанның Керала штатында болған су тасқыны салдарынан 8 тамыздан бері кем дегенде 121 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат India Today басылымына сілтеме жасап.

Ел үкіметі жариялаған деректерге сүйенсек, Малаппурам ауданы көп зардап шегіп отыр, мұнда 58 адам опат болған. Бұдан бөлек, Кожикоде ауданында 17, Вайанадта 12 адамның өмірі қиылған. Тасқыннан туған оқыс оқиғалардан зардап шеккендер де аз емес. Хабарларға қарағанда, 40 адам жарақат алып, тағы 2 адам хабар-ошарсыз кеткен. Топан су 1 789 үйді шайып кетті, 26 000 адам уақытша лагерьлерді паналауға мәжбүр болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы