387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рим қоқысқа батып барады

  • 166
Рим қоқысқа батып барады

Жыл сайын Римнен 1 жарым млн тоннадан астам қоқыс шығады.

Оның тек 50 процентке жуығы ғана өңделеді. Римдіктер жыл сайын 270 еуро көлемінде қоқыс салығын төлейді. Айта кету керек, бұл – Италиядағы ең жоғары мөлшер. Мұнда қоқыс өңдейтін үш кәсіпорынның тек біреуі ғана жұмыс істейді, бірі өртеніп кеткен, ал екіншісі жөндеуге жабылған. Сондықтан қоқысты жинап, жаратып үлгермейді. Жергілікті белсенділер тобы енді кәсіпорынды сотқа тартуды көздеп отыр. Алайда компания басшылығы қоқыстың көптігін Римге туристердің көп келетінімен байланыстырады. Мәселен, бір жылда қалаға 30 миллион саяхатшы келген. Вирджиния қаласының мэрі қоқыс мәселесін шешуге уәде еткен. Бірақ әзірге одан ешқандай нәтиже шыққан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы