387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Яндекс» жүргізушісіз жүретін такси санын 1000-ға жеткізбек

  • 140
«Яндекс» жүргізушісіз жүретін такси санын 1000-ға жеткізбек dp.ru

«Яндекс» компаниясы жүргізушісіз жүретін такси санын 1000-ға жеткізеді.

Бұл мақсатты компания мамандары 1,5-2 жыл ішінде жүзеге асырмақ ниетте. Қазір автокөліктер тестілеу кезеңінен өтіп жатыр. Көліктерді сынақтан өткізу мамандарға арнайы алгоритмдерді жазуға көмектессе керек. Айта кетсек, компанияның алғашқы жүргізушісі жоқ көліктері 2017 жылы пайда болған еді. Қазір олардың саны 38-ге жеткен. Жыл соңына дейін такси саны 100-ге жеткізу көзделген. 

Хабар 24 телеарнасы