386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия премьер-министрі отставкаға өтініш беретінін мәлімдеді

  • 133
  • UPD: 23:33, 20.08.2019
Италия премьер-министрі отставкаға өтініш беретінін мәлімдеді Reuters

Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте сейсенбі күні кешқұрым отставкаға кететіні жөнінде мәлім етті.

Ол мұндай мәлімдемені коалициялық үкіметке сенімсіздік білдіру туралы «Лига» билеуші партиясының өтінімхат жолдау шешімінен кейін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Джузеппе Конте Лиганың араңдатуынан туындаған саяси тәртіпсіздік мәселелері бойынша парламент мүшелеріне қарата сөйлеген сөзінде Президент Серджо Маттареллаға отставкаға кету туралы өтініш түсіретінін жеткізді.

Өз кезегінде Италия басшысы мерзімінен бұрын сайлау өткізудің қажеттілігін немесе жаңа билеуші коалицияны құру туралы шешуі тиістігі атап өтіледі.

Италияның Премьер-министрі қалыптасқан жағдайға Ішкі істер министрі Маттео Сальвиниді айыптады. «Сальвини өз мүдделерін және өз партиясының мүдделерін көздейтінін көрсетті. Оның шешімдері ел үшін ауқымды қауіп тудырып отыр», - деді ол.

Джузеппе Конте 12 күн бұрын коалицияны «дәрменсіз» деп атап, мерзімінен тыс сайлау өткізу қажеттігі туралы айтқан ІІМ басшысының іс-әрекеттерін ақылға қонымсыз деп мәлімдеді. «Бұл елді саяси тұрақсыздықтың шырмауына және қаржылық тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін», - деді ол.

 

Хабар 24 телеарнасы