385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран танкері Грекияға басып кірді

  • 190
  • UPD: 09:29, 21.08.2019

Грек билігі Иранның Adrian Darya танкерінің портқа кіруіне қатысты ресми өтінішін алған жоқ. Бұл туралы Грекияның теңіз флоты және арал саясатының министрі Яннис Плакиотакис мәлімдеді.

Қазір кеме Пелопоннестің оңтүстігіндегі Каламат портына бет алды. Алайда ол порттың инфрақұрылымы мұндай үлкен кемелерді қабылдауға  мүмкіндік бермейді. Қазір грек билігі Иран танкерінің қозғалысын қадағалап отыр. 

Еске сала кетейік,4 шілдеде британдық Гибралтар билігі танкерді Еуроодақтың Сирияға қарсы санкцияларын бұзды деп күдіктенген еді. Одан кейін Америка Құрама Штаттарының өтініші бойынша кеме бір жарым айға жуық жұмысын тоқтатты. Жақында Гибралтар билігі танкерді қайта жіберді. Иран мұны жеңіс, яғни Ақ үй саясатының құлауы деп қабылдаған еді. Алайда Вашингтон тағы да танкерді ұстауға ордер жіберді. Бірақ Гибралтар АҚШ-тың өтінішін қабылдамады. Айта кету керек, босатылған Grace 1 танкері атын Adrian Darya өзгертіп тастады.

Хабар 24 телеарнасы