385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия премьері отставкаға кетті

  • 92
  • UPD: 12:14, 21.08.2019

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте отставкаға кетті. Оған коалициялық үкіметтегі алауыздық себеп болды.

Нақтырақ айтқанда Лига партиясының жетекшісі, Вице-премьер Маттео Сальвини үкіметтегі одақтасы «Бес жұлдыз» қозғалысына сенімсіздік таныты. Бірақ Джузеппе Конте саяси дағдарысқа Маттео Сальвинидің жеке мүдесін қорғауы себеп жариялады. Ал соңғы ақпарға қарағанда президент Серджо Маттарелла үкімет басшысының отставкасын қабыл алған. Енді Италияда күз айында мерзімнен тыс сайлау өтеді. Бірақ Джузеппе Конте жаңа министрлер кабинеті жасақталғанша үкіметті басқара береді.

Хабар 24 телеарнасы