385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан ұшырған аппарат Ай орбитасына жетті

  • 393
  • UPD: 12:32, 21.08.2019
Үндістан ұшырған аппарат Ай орбитасына жетті

Үндістанның «Чандраян-2» станциясы Ай орбитасына жетті. Бұл туралы ғарыштық зерттеулер ұйымының басшысы Кайласавадивоо Сиван хабарлады.

Аппарат 7 қыркүйекте Айға қонады, деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, 20 тамызда үндінің ғарыш аппараты «Чандраян-2» ай орбитасына шықты. Бұл Үндістандағы ғарыштық зерттеулер ұйымының екінші ай серігі. Бұған дейінгі «Чандраян-1» орбитада ғана жұмыс істесе, ал соңғы шыққан аппаратты айдың оңтүстік полюсіне қондыру жоспарланған. Соның арқасында ғалымдар жер серігі туралы жаңа  мәліметтер алуды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы