385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда үш қаланың мэрі «Күрдістан жұмысшы партиясымен» байланыста болған

  • 163
  • UPD: 15:01, 21.08.2019
Түркияда үш қаланың мэрі «Күрдістан жұмысшы партиясымен» байланыста болған

Түркияның бірнеше қаласында күрд ұлтының өкілдері наразылық акциясын өткізіп, полициямен қақтығыс болды.

Толқуларға биліктің Диярбакыр, Ван және Мардин қаласының мэрлерін ауыстыруы себеп. Күрдтер бұл халықтың қалауына қарсы әрекет дейді. Бірақ үкімет үш шаһардың басшысы елде лаңкестік деп танылған «Күрдістан жұмысшы партиясымен» байланыста болған деп отыр. Полицияның хабарлауынша, олар лаңкестерге әкімшілік, қаржылық және өзге де қолдау көрсетіп келген. Осыған байланысты арнайы операция жүргізіліп, 400 адам тұтқындалған.

Хабар 24 телеарнасы