387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп пен Дания премьерінің кездесуі кейінге қалды

  • 250
  • UPD: 21:06, 21.08.2019
Трамп пен Дания премьерінің кездесуі кейінге қалды

АҚШ президенті Дональд Трамп Дания премьер-министрі Метте Фредериксенмен жоспарлаған кездесуін кейінге қалдырды.

Бұған Данияның Гренландия аралын Америкаға сатудан бас тартуы себеп болды. Айта кетсек, өткен аптада Ақ үй басшысы Данияның автономды аумағы саналатын Гренландияны сатып алуға мүдделі екенін мәлімдеген болатын. Бірақ Данияның үкімет басшысы аралды сатып алу идеясын «ақылға қонымсыз» деп атап, Трамп жай ғана әзілдеген болуы керек деп қысқа қайырған. Сонымен қатар қыркүйектің 2-сі мен 3-і күні өтетін кездесуге дайындалып жатқанын жеткізді. Алайда Ақ үй басшысының Гренландияны сатып алу ниетін жуырда оның қаржы кеңесшісі де растаған еді.

Хабар 24 телеарнасы