386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Доминиканда есірткімен айналысқан ірі қылмыстық топ ұсталды

  • 116
Доминиканда есірткімен айналысқан ірі қылмыстық топ ұсталды Капитал

Доминикан Республикасында есірткімен айналысатын қылмыстық топтарға қарсы ауқымды операция жүргізілді.

Бірнеше ықпалды басшы қолға түсті. Олардың ішінде кезінде елге танымал болған бейсбол ойыншылары бар. Олар есірткі сатудан түскен қаржыны жылыстатумен айналысқан. Жалпы қылмыстық топтың мүшелерін ұстау үшін ел аумағында 40-тан астам операция жүзеге асырылды. Полиция бұл ел тарихында есірткімен айналысушы қылмыстық топтарға қарсы ең ірі шара болды деп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы