387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Open Arms кемесіндегі мигранттар жағаға жеткізілді

  • 144
  • UPD: 07:31, 22.08.2019
Open Arms кемесіндегі мигранттар жағаға жеткізілді bbc.com

3 аптаға жуық Open Arms кемесінде түнеген мигранттар Италияның Лампедуза портына жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған прокурор Луиджи Патронаджионың кемені ұстап, келімсектерді эвакуациялау туралы шешімі негіз болды. Себебі, ондағы кей босқындардың шыдамы таусылып, суға секіріп, жағаға жетуге талпынған. Осыған байланысты прокурор кемені өзі барып көріп, шұғыл шешім қабылдады.

Айта кетейік, Италия өткен аптада осы кемедегі 27 жасөспірімді қабылдаған. Бірақ қалған 100-ден астам мигрантты ел аумағына кіргізуден бас тартқан еді. Осыдан кейін Испания үкіметі оларды алып кететінін мәлімдеп, күзет кемесін аттандырды.

Хабар 24 телеарнасы