387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда ну ормандардағы өрт ошақтары рекордтық көрсеткішке жетті

  • 138
  • UPD: 08:48, 22.08.2019
Бразилияда ну ормандардағы өрт ошақтары рекордтық көрсеткішке жетті

Бразилияның Амазон өзені бойындағы ормандарда өрт ошақтары көбейіп, рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің Ғарыштық зерттеу орталығының мәлімдеуінше, қазірге дейін 72 мыңнан астам жерде орман өрті тіркелген. Салдарынан елдің көп бөлігін түтін басып, экологиялық ахуал нашарлаған. Бірнеше штатта төтенше жағдай енгізілді. Осыған байланысты қоғамда президент Жаир Болсонарудың экологиялық сасатына наразылық күшейген. Себебі «өрттердің шығуына президенттің Амазон бойындағы ну ормандарды игеру туралы шешімі тікелей әсер еткен», - дейді тұрғындар.

Хабар 24 телеарнасы