388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда соңғы бір айдың ішінде 503 орман өртке оранды

  • 253
  • UPD: 11:27, 22.08.2019
Түркияда соңғы бір айдың ішінде 503 орман өртке оранды

Апат шет елдерде де аз емес. Мысалы, Түркияда соңғы бір айдың ішінде 503 орман өртке оранды.

Бұл туралы Түркиядағы «Хабар 24» тілшісі Меруерт Қанағат хабарлайды.

Оның айтуынша, Түркия үкіметі қазір Егей аймағында басталған тілсіз жаумен күресуде. Әрі күн сайын жаңа өрт ошақтары тіркеліп жатыр. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, жыл басынан бері елде мыңнан астам орман өртке оранып, 3 мыңға жуық жерді қамтыған. Жерорта мен Егей теңізі аймағындағы орман алқаптарын жалын жыл сайын шарпиды. Оған күннің қызуы мен желдің ршуіі әсер етсе керек. Алайда, синоптиктер мен билік өкілдері соңғы уақытта қасақана от қоятындар туралы айтып жүр.

Хабар 24 телеарнасы