389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзірбайжанда жыл сайын орман өртінен сирек кездесетін көпжылдық ағаштар жойылып кетеді

  • 202
  • UPD: 12:45, 22.08.2019

Ормандардың оталып жатқаны күллі әлемді толғандырады. Жайқалған жасыл желектердің құрып бара жатуына себеп көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бірі жер шараушылығына пайадалану үшін шабылса, енді бірі өндірістік мақсатта оталуда. Ал Әзірбайжан ормандарына өрт қауіп төндіреді.

Әзірбайжанда жыл сайын орман өртеніп, сирек кездесетін көпжылдық ағаштар жойылып кетеді. Мысалы, осы аптаның басында мемлекеттің оңтүстік және солтүсік бөлігінде орманды алқап отқа оранды. Мамандар тілсіз жаумен 3 күн арпалысып, әрең сөндірді. Сарапшылардың айтуынша, өрттің шығуына көбіне адамдар кінәлі.

Агагардаш Гарашов, Әзірбайжан экология министрлігінің өкілі:

- Аптап ыстықтан шөптер мен талдар қурап, от тез тұтанады. Бірақ өрттің шығуына негізінен адамдар кінәлі. Сондықтан тұрғындардан орманда от жақпауды сұраймыз.

Әзірбайжанда 1 миллионнан астам гектар жерді орманды алқап алып жатыр. Рас, өзге елдермен салыстырғанда көлемі аздау. Алайда өрт елдегі орман ауқымын тіпті тарылтып барады. Сондықтан үкімет ормандағы биоалуантүрлілікті қорғау жөнінде арнайы бағдарлама қабылдаған.

Хикмет Ализаде, Әзірбайжан экология министрлігінің өкілі:

- Өткен ғасырдың 70-жылдары Әзірбайжанда 170 қана қарақұйрық болған еді. 2003 жылы Ширван ұлттық паркі құрылып, жойылып бара жатқан аң осында әкелінді. Қазір олардың саны 9 мыңға тақаған. Биыл елге сондай-ақ 12 бизон алып келінді. Олар өткен ғасырдың бас кезінде мүлдем құрып кеткен болатын.

Әзірбайжанда ормандар мен жабайы аңдарды қорғау үшін арнайы қорықтар құрылған. Олар 800 мың гектар жерді алып жатыр. Мақсат – адамдардың игілігі үшін табиғатты қорғау. Бірақ сарапшылардың айтуынша, мұндай жерлерге адамдар неғұрлым аз келсе олардың дамуы да соғұрлым тез болады.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы