387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде 70 жыл бұрын орманды алқап мүлдем болмаған

  • 121
  • UPD: 14:15, 22.08.2019

Израильдің орман технологиясы әлемдегі ең озық үлгінің бірі.

Бұл ел шөлейт жерлерді көгалдандырып, ағаш егу бойынша әлемде алғашқы орынды иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел аумағының үштен екі бөлігін шөл дала алып жатқан мемлекет мұндай жетістікке қалай қол жеткізді?

Израильде 70 жыл бұрын орманды алқап мүлдем болмаған. Елдің барлық аумағын шөл мен саз батпақ алып жатқан. Дегенмен, мемлекет 70 жылдың ішінде шөл даланы адам танымастай етіп өзгертті. Яғни, көгалдандыруда керемет жетістіктрге қол жеткізді.

Эли Хафута, Орман шаруашылығы округінің басшысы:

- Қазір Израиль аумағының 8%-ін орман алып жатыр. 70 жыл бұрын жасыл желек тіпті болмаған. Мемлекет бұған озық технология мен тынымсыз еңбектің арқасында қол жеткізді. Салыстырмалы түрде айтсақ Мысырдың 7 пайыз жерінде ғана орман бар.

Ал мұндай жетістікке жетудің құпиясы қарапайым: көшеттерді отырғызып, суғару. Орманды алқапты кеңейту мемлекеттік маңызы бар бағдарламаның бірі. Израильде ормандардың өсу көрсеткіші Канададан да жоғары. Қазір оларды бақылау дрондармен де жүзеге асырылады.

Самуил Спринцын, Орман шаруашылығы округінің инженері:

- Біз үнемі жоспар бойынша жұмыс істейміз. Көшеттер отырғызылмас бұрын барлық табиғи факторлар зерттеледі. Мысалы, топырақты, ауа райын тексереміз.

Израильде негізінен иерусалимдік қарағай отырғызылады. Бұл ерекше ағаш. Ол жаз ыстығында ұйықтап, ал қыс кезінде жаңбырда тез өседі. Оның көшеттері арнайы орындарда бір жарым метрге жеткенше өсіріп, кейін қажетті жерге отырғызады. Бұл ағаштар тіпті өртке де төзімді келеді.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы