386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда 500 мың гектар орман өртенді

  • 136
  • UPD: 14:16, 22.08.2019
Боливияда 500 мың гектар орман өртенді

Боливияда орман өртеніп, лаулаған жалын 500 мың гектар жерге таралған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның арасында Чикитано штатындағы Тукавака қорығы бар. Президент табиғат апаты аймағына барып, тілсіз жаумен күресті жеке бақылауына алды. Қазір өртті сөндіруге ұшақтар мен тікұшақтар жұмылдырылған. Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, орман өртіне көбіне шаруалар кінәлі. Себебі, фермелер тамыз айында егінді жинап алған соң келесі жылға жерді дайындау үшін қалған шөптерді жағады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы