385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дублин соты Ryanair ұшқыштарына ереуіл өткізуге тыйым салды

  • 112
  • UPD: 14:24, 22.08.2019
Дублин соты Ryanair ұшқыштарына ереуіл өткізуге тыйым салды

Ryanair компаниясының ұшқыштары алдағы күндері ереуіл өткізе алмайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, Дублин соты оларға наразылық шарасын өткізуге тыйым салды. Оған ұшқыштардың кәсіподақ тәртібін бұзып, басшылықпен келіссөзді аяғына дейін жеткізбеуі негіз болды. Қазір Лондон соты да компанияның осындай шағымын қарастыруда. Ал ұшқыштар басшылықтан жұмыс жағдайын жақсартып, жалақыны өсіруді және зейнеткерлік кепілдемелерді өзгертуді талап етуде. Мамандардың айтуынша, компания басшылығы бұл мәселелерді талқылауға ниет танытып отырған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы