387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Сирияда қолға түскен лаңкестерді өз елдеріне қайтаруды ұсынды

  • 159
  • UPD: 14:30, 22.08.2019
Трамп Сирияда қолға түскен лаңкестерді өз елдеріне қайтаруды ұсынды

АҚШ Президенті Дональд Трамп Сирияда қолға түскен лаңкестерді өз елдеріне қайтаратынын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған содырларды түрмеде ұстауға қазынадан қыруар қаржы жұмсалуы себеп. Мысалы, Гуантаномо абақтысында содырларды бақылауға миллиардтаған доллар кеткен. Трамптың айтуынша, лаңкестер қай мемлекеттен келсе, сол елге қайтару керек.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент Трамп Сирияда қолға түскен барлық лаңкесті соттау қажеттігін айтқан. Және Еуропа елдерінен АҚШ түрмелеріндегі 800-ге жуық лаңкесті кері қайтарып алуды сұраған болатын.

Хабар 24 телеарнасы