387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің «Үлкен жетілікке» оралу мәселесі қызу талқылануда

  • 144
  • UPD: 14:32, 22.08.2019
Ресейдің «Үлкен жетілікке» оралу мәселесі қызу талқылануда

Францияда өтетін «Үлкен жетілік» саммиті тақаған сайын оған Ресейді қайта шақыру жөнінде пікірталас қызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Франция президенті Эмманюэль Макрон мен АҚШ басшысы Дональд Трамп мұны қолдаса, Ұлыбритания мен Германия оған қарсы. Біріккен Корольдіктің Премьер-министрі Борис Джонсон мен Германия канцлері Ангела Меркель «Ресейді «Үлкен жетілікке» қайта кіргізу әлі ерте» дейді. «Оған Мәскеудің Украинаның ішкі істеріне араласып, Қырымды жаулап алуы себеп» дегенді алға тартады.

Айта кетейік, Ресей 1997 жылдан 2014 жылға дейін «Үлкен жетілік» саммитіне қатысып келген. Алайда 2014 жылғы Украинаға қарсы әрекеттен кейін одан шығарылды.

 

Хабар 24 телеарнасы