387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Т.Макдевит: Сеул мен Вашингтон әскери альянсты сақтау керек

  • 143
  • UPD: 15:16, 22.08.2019
Т.Макдевит: Сеул мен Вашингтон әскери альянсты сақтау керек

АҚШ Солтүстік Кореяны ядролық қарусыздандыруға итермелеуі керек.

Америкалық The Washington Times газетінің президенті Том Макдевит Солтүстік және Оңтүстік Кореяны бейбіт жолмен біріктіру туралы конференцияда осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, Корей түбегі проблемасы қазіргі әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі. Сондықтан Құрама штаттар Пхеньянның құрлықаралық баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуіне бейжай қарай алмайтындығын айтты. Макдевит, сондай-ақ, Сеул Вашингтонмен әскери одақты сақтау керек деп санайды.

Айта кетейік, жақында Оңтүстік Корея мен АҚШ күштерінің бірлескен әскери оқу-жаттығуы өтті. Шара Солтүстік Кореяның наразылығын туғызып, Пхеньян оған қатаң жауап беретінін мәлімдеді. Және де Оңтүстік Кореямен диалогтан бас тартатынын жеткізді.

Том Макдевит, The Washington Times басшысы:

- Солтүстік Корея АҚШ-қа тікелей шабуыл жасамаса да, жаппай қырып-жоятын қаруды экспорттайды. Сондықтан біздің мақсатымыз - КХДР-ды толығымен ядролық қарусыздандыру. Осы себепті, Оңтүстік Корея мен Америка құрама штаттары арасындағы одақ ешқашан бұзылмауы керек.

Хабар 24 телеарнасы