387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Тайваньға 66 жойғыш ұшақ сататын болды

  • 166
  • UPD: 15:17, 22.08.2019
АҚШ Тайваньға 66 жойғыш ұшақ сататын болды

Қытай АҚШ-тың Тайваньға F-16V жойғыш ұшақтарын сатуына наразылық танытып, санкция қолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу шаралары америкалық компанияларға салынбақ. Бейжіңнің пікірінше, Құрама штаттардың мұндай қадамы халықаралық құқықты бұзып, ел егемендігі мен мүддесіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оған шешімді түрде қарсылығын жеткізді. Ал Вашингтон бұл «бір Қытай ұстанымына және үш жақты бірлескен мәлімдемеге еш қайшы емес», - деп отыр.

Айта кетейік, президент Трамп әкімшілігі кеше конгреске Тайваньға 66 жойғыш ұшақ сататыны жөнінде ескерткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы