385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилия Амазониядағы орман өртімен күресуге қауқарсыз

  • 128
Бразилия Амазониядағы орман өртімен күресуге қауқарсыз

Бразилия үкіметі Амазониядағы орман өртімен күресуге қауқарсыз.

Себебі қажетті деңгейде ресурс жоқ. Бұл туралы ел президенті Жаир Болсонару мәлімдеді. Бұған қоса, мемлекет басшысы өрттің шығуына қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың қатысы болуы мүмкін екенін жеткізді. Дей тұрғанмен, Бразилия президенті нақты дәлел болмағандықтан, ешкімді айыптағысы келмейтінін айтты. Айта кетсек, ағымдағы жылдың алғашқы жеті айында Амазония ормандарындағы өрт салдарынан 1,86 миллион гектар жер жанып кетті.

Хабар 24 телеарнасы