386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада автотұраққа қатысты жүйе реформаланды

  • 107
  • UPD: 12:15, 23.08.2019

Украинаның автокөлік тұрағына қатысты заңына өзгертулер енгізілді.

Жаңа заң аясында жүйе толық реформаланып жатыр. Нақты айқанда, Украина және оның қалаларында автотұрақты қадағалайтын инспекторлар жұмыс жасайтын болады. Олар дұрыс қойылмаған және қоғамдық көліктерге кедерді келтіретін автомобильдерге айыппұл салады.

Оксана Костюченко негізгі мамандығы филолог болғанымен, қазір,тұрақ инспекторы болып қызмет атқарады. «Көлігін қалай болса солай қоя салатын жүргізушілер талай жылдан бері жүйкемді тоздырып жүргені рас», - дегенді айтады ол. Әсіресе, қоғамдық көліктерге әрі жаяу жүргіншілердің жолына тұсау болатын темір тұлпарларды тәртіпке келтіруді бұрыннан армандағанын айтады жас маман. Сондықтан бұл жұмысқа қызығып өзі келген екен.

Оксана Костюченко, тұрақ инспекторы:

– Көлік жүргізушілері әдетте: «мен ғана емес, бәрі тұр ғой», «байқамай қалдым», - деп ақталады. Дегенмен барлығы жазылған, белгі ілініп тұр. Күніне бір инспектор 15 көлікке дейін айыппұл сала алады. Заң бұзушылар өте көп. 200 метр ғана жерден заң бұзған 30 көлікті көруге болады.

2018 жылы Украина автокөлік тұрағына қатысты Заңға айтарлықтай өзгеріс енгізді. Соның арқасында Оксана тәрізді тәртіпті қадағалайтын тұрақ инспекторлары жасақталып отыр. Жыл аяғына дейін жүз инспектор жолға шықпақ. Әзірге олардың оны қаланың орталық көшесін қадағалау үшін қызметке кіріскен. Екі айдан бері инспекторлардың көмегімен Киевтегі мыңға жуық көлікке айыппұл салынып, 500-і айыптұраққа қойылған.

Дмитрий Рахматуллин, көлік инфрақұрылымы департаменті директорының орынбасары:

– Заңның кереметі сол, тұрақ инспекторы бұрынғыдай полицияны күтпей-ақ айыппұл сала алады. Заң бұзғандарды үш бағыт бойынша жазалаймыз. Көлігін дұрыс қоймаса, не болмаса тұрақ үшін төлемеген көліктерді анықтаймыз және қоғамдық көлікке кедергі келтірсе бірден айыппұл саламыз.

Тұрақты қадағалайтын инспекторларды қажетті құралдармен, айталық бейнетіркеуіш және планшет әрі принтермен жарақтау үшін қазынадан 150 млн гривень яғни 6 млн доллар бөлініп отыр. Алайда мамандар бұл ақша 2-3 жылда өзін толық өтейді деп сендіреді. Өйткені инспекторлар жүргізушіден ешқандай пара алмайды. Жемқорлықтың жолын кесу үшін жүйе барынша автоматтандырылған. Ал айыппұл төлеп, артық шығынданғың келмесе, экокөлік мінген тиімді. Өйткені заң бойынша техниканың бұл түрі тұрақта тегін тұра алады.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петро Борейко

Хабар 24 телеарнасы