386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ереванда ақылы тұрақтан қала бюджетіне қанша қаржы түседі

  • 112
  • UPD: 11:17, 23.08.2019
Ереванда ақылы тұрақтан қала бюджетіне қанша қаржы түседі

Армения астанасында ақылы тұрақ жүйесінің енгізілгеніне 6 жыл болды.

Осы уақыт ішінде қалада 7 мыңға жуық ақылы автотұрақ алаңы іске қосылған. Жүйенің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етумен айналысатын компанияның мәліметі бойынша, тұрақтардың басым бөлігі қала орталығы мен Арабкир ауданында шоғырланған. Жүргізушілер ыңғайлығы үшін олардың барлығы қызыл сызықпен боялыпты. Жалпы Ереванда автотұраққа бір сағатқа тоқтау құны 100 драмды құрайды. Яғни 80 теңге. Ал оның бір күндік бағасы – 500 драм. Бұл біздің ақшаға шаққанда 416 теңгеге тең. Сонымен қатар көлік жүргізушілері тұрақ алаңдарын бір жылға да жалдай алады. Ол үшін бірден 10 мың теңге төлеулері қажет. Тек мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобиль иелері ғана тұрақ қызметін тегін пайдалану құқығына ие.

Вазген Арутюнян, «Паркинг сити сервис» директоры:

– Ақылы тұрақтан қала бюджетіне жыл сайын 1 миллиард 200 миллион драм түседі. Жалпы Ереван көшелеріндегі бағаналарға 1500 бақылау камералары орнатылған. Көбі қала орталығы мен Арабкир ауданында. Қалған жерлерде мобильді кешендер арқылы бейнебақылау жүргізіледі. Бұдан бөлек, фото мен видеоға тіркеу құрылғылары да бар. Олар барлық көліктерді тіркеп, ақпаратты орталық серверге жібереді.

Хабар 24 телеарнасы