386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада туристерге найзағай түсті, адам шығыны бар

  • 107
Польшада туристерге найзағай түсті, адам шығыны бар Известия

Польшада туристерге жай түсіп, 3 адам көз жұмды.

Тағы 22 азамат жарақат алды. Оқыс оқиға туристердің Гевонт тауының шыңына шығу кезінде орын алды. Табиғат құбылысынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына 4 тікұшақ аттанып, қажетті ем-дом ұсынылды. Құтқарушылардың айтуынша, найзағайдың түсуіне 1901 жылы тау басына орнатылған 15 метрлік металл крест себепші болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы