387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аляска тұрғыны теңіз жағасынан хат салынған бөтелке тауып алды

  • 404
Аляска тұрғыны теңіз жағасынан хат салынған бөтелке тауып алды

Аляска тұрғыны теңіз жағасынан ішіне хат салынған бөтелке тауып алды.

Бір ерекшелігі, мөр басылған хат 1969 жылы жазылыпты және ол орыс тілінде болған. Сөйтіп таңқаларлық олжаға кездейсоқ тап болған америкалық азамат бөтелкенің суреті мен ішіндегі жазуды әлеуметтік желіге жариялаған. Хатта автор Кеңестің қиыр шығысындағы теңіз күштерінде қызмет ететінін жазған. Бұдан бөлек, ол бәріне сәлем жолдап, хатты Владивостокқа жіберуді сұрайды. Соңында кеме экипажына денсаулық пен ұзақ өмір тілеген. Қуаныштысы, жуырда жазбаның авторы табылды. Ол 86 жастағы Анатолий Боцаненко болып шықты. Бұрынғы теңізші қазір Севастополь қаласында тұрады екен. Айтуынша, хаттың Аляскадан бір-ақ шығатыны үш ұйықтаса түсіне де кірмепті.

Анатолий Боцаненко, бұрынғы теңізші:

– Бөтелке Магаданға жақын орналасқан Приморье жағалауына жетер деп ойладық. Әрі кетсе Курил аралдарынан немесе Қытайдан табылар дегенбіз. Бірақ ол Беринг бұзағынан өтіп, Аляскадан бір-ақ шықты. Бұл адам сенгісіз жайт. Ол жаққа бөтелке қалай жетті?

Хабар 24 телеарнасы