386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Американың жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды

  • 115
Американың жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды

Американың жолаушылар ұшағы Гавайи әуежайына апатты жағдайда қонды.

Әуе кемесінің шұғыл түрде қонуына ұшақ бортынан қою түтіннің себеп болған. Салдарынан 7 жолаушы тынысы тарылып, ауруханаға түсті. Арасында балалар да бар. Айта кетсек, Оклендтен ұшып шыққан ұшақ Гонолулуға бағыт алған еді. Оқиға кезінде ұшақ бортында 184 адам болған. Оның жетеуі – экипаж мүшесі. Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы