385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Гутерриш Бразилиядағы өртке байланысты алаңдаушылық білдірді

  • 159
  • UPD: 09:09, 24.08.2019
А.Гутерриш Бразилиядағы өртке байланысты алаңдаушылық білдірді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Амазониядағы жағдайды үнемі қадағалап отырғандығын және алапат өрттің  ғаламшарға тигізер теріс салдарына алаңдаулы екендігін мәлімдеді.

«Орман күллі әлем денсаулығы үшін өте маңызды. Халықаралық қауымдастық тек Амазонкадағы ғана емес, Конго мен Индонезия бассейніндегі орман алабының маңызды екенін мойындайды. Осы орман аумақтары адамзаттың денсаулығында маңызды орын алады» деп атап өтті баспасөз хатшысы Стефан Дюжарик. 

Бразилия ғарыш агенттігінің дерегіне сәйкес, биыл Амазония тропикалық ормандарындағы өрттің саны рекордтық деңгейге жеткен. Әсіресе Бразилиядағы Рорайма, Акри, Рондония, Амазонас және Мату-Гросу-ду-Сул штаттары қатты зардап шегіп отыр. Бразилия ұлттық ғарыш зерттеу институтының спутниктік деректері көрсеткндей, өрттің саны былтырғыдан 85% артқан. Ресми мәліметтерге сәйкес, Бразилияда 2019 жылдың сегіз айында 75 мың орман өрті шықса, бұл көрсеткіш 2018 жылы 39 759 болған. Өрттен елдің солтүстігі қатты зардап шекті. Атап айтқанда, өрт саны солтүстік Рораймада 141%, Акри батыс штатында 138%, Рондония батыс штатында 115%, солтүстік-батыстағы Амазонас штатында 81% көбейген. Бразилияның ірі штаттарының бірі Амазонаста төтенше жағдай жарияланды. Оңтүстік-батыстағы Мату-Гросу-ду-Сул штатында өрт көлемі 114% артқан.

UN

Хабар 24 телеарнасы