386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


G7 саммиті кезінде қауіпсіздік қатаң бақылауда болады

  • 137
  • UPD: 12:48, 24.08.2019

Тамыздың 24-інен 26-сына дейін өзетін Францияның Биарриц қаласында өтетін G7 саммитіне дайындық шаралары аяқталып қалды.

Ұйымдастырушылардың басты міндеті қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ауқымды шараға 4 мыңнан аса елші, кеңесші және мемлекет басшылары қатысады. Меймандардың бірқатары келіп те алды. Қала тыныштығын 13 мың полиция мен жандарм қамтамасыз етеді. Франция сыртқы істер министрі Кристоф Кастанердың айтуынша, оларға әскерилер көмектеседі. Тіпті пилотсыз ұшу аппараттары арқылы әуеден бақылау қолға алынбақ.

Хабар 24 телеарнасы