387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Қытайдағы зауыт-фабрикаларды АҚШ-қа көшіруді ұсынды

  • 226
  • UPD: 11:15, 24.08.2019
Трамп Қытайдағы зауыт-фабрикаларды АҚШ-қа көшіруді ұсынды

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өршіді. Енді Бейжің Құрама Штаттардан импортталатын тауарларға қосымша баж салығын салатынын мәлімдеді.

Қытай америкалық өнімдерге алдымен қыркүйектің 1-інде 5 пайыздық, содан кейін желтоқсан айында 10 пайыздық салық салмақ. Ал желтоқсанның 25-інен бастап Америкадан әкелінетін көліктерге баж алымы 25 пайызға өсіріледі. Сөйтіп, Қытай жалпы көлемі 75 миллиард доллар болатын 5 мыңнан астам тауарға баж салығын енгізеді. Ал президент Дональд Трамп жауап ретінде қытайлық тауарларға 10 пайыздық баж салығын желтоқсан айында емес қазанның 1-інен бастап қолданылатынын жеткізді. Оның жалпы көлемі 300 миллиард долларды құрайды. Ақ үй қожайыны сондай-ақ америкалық компанияларды Қытайдағы өндірістерін АШҚ-қа ауыстыруға шақырды. Трамптың мәлімдемесінен кейін АҚШ биржаларындағы бағам бірден 3 пайызға төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы