386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде пойызда жоғалтқан заттың қайтып табыларына үміттенуге әбден болады

  • 151
  • UPD: 15:56, 24.08.2019

Израильдің теміржол компаниясы вагонда ұмыт қалған заттардың иелерін іздейді. Жолаушылар тастап кеткен жүк қоймасында орын жоқ. Теміржол қызметкерлерінің айтуынша, онда ұсақ-түйектен бастап,  бағалы заттарға дейін  дейін бар. Егер иелері табылмаса заттарды  қайырымдылық қорына өткізеді.

Ұмытшақтық ол да өзінше дерт дейді. Әсіресе жолаушы жүрген Поезда заттарын ұмыт қалдыратындар қатары қалың. Мәліметтерге сенсек, жаз кезінде күннен қорғайтын көзілдірік, ал қыста-қолшатырларын қалдырып кетуі жиі кездеседі екен. Тель-Авивтің орталық теміржол вокзалында ұмытылған заттар сақталатын қойманың лық толғаны соншалықты, тіпті бос орын қалмайды. 

Ицик Шитрит, қойма меңгерушісі: 

- Қазір жазғы кезеңде Израиль темір жолы  арқылы күніне шамамен төрттен бір миллион жолаушы тасымалдайды. Дәл осы уақытта жолаушылар көп қатынайды. Көбі жол сөмкелерін ұмытып кетіп жатады. Туристердің дені поезбен жүреді. Ұзақ жолда шаршайды. Ұйықтап оянған соң заттарын ұмытып, түсіп кетеді. Оның үстіне күннің ыстықтығы да адам әсер етеді ғой. 

Станция қызметкерлері тауып алған заттарды бірден қоймаға өткізеді. Бұл жерде бірнеше ай сақталады. Зергерлік бұйымдар, смартфондар, сағат, компьютерлер болса сейфке қойылады. Төлқұжаттар, жүргізуші куәліктері мен жеке куәліктері жеке жәшіктерде сақталады. Кейде  жауынгерлер қалдырып кеткен қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылады. Тіпті кейбір жолаушылар велосипед пен электр шамдарын ұмытып кетеді. Кеңсе таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді. 

Галь Альшех, қойма қызметкері: 

- Егер затын іздеген адам келсе, не жоғалтқанынын сұраймыз. Өйткені бізде оған ұсқас заттар көп болуы мүмкін. Сондықтан, ақпаратты нақты, дәл бергені жөн. Сөмке болса, оның көлемін, түсін  ішінде не болғанын сұрап білеміз. Кейде күніне 200-ге дейін адам келеді. Осыған қарап, жұмыс ауқымын бағамдай беріңіз. 

Қызықты жайттар да болады. Тіпті  тірі балықты немес қалыңдығына сыйлайтын жүзігін де ұмытып кететіндер бар.  Бірде кеңсеге  аты-жөні Эли Коэн деген бір азамат  жеке куәлігін алуға келген. Бұл Қазақстандағы Омаровтар, Ахметовтар сияқты Израильде өте кең таралған фамилия. Осы тектес құжаттардың өте көп  болғаны соншалық қызметкерлердің өзі таңқалған.  Бірақ өкінішке орай дәл сол адамның құжаты жоқ болып шыққан. Теміржолшылар ірі көлемде қаражат тауып алатындарын да жасырмайды. Ең ірісі  20 мың доллар болды, дейді. Әр үш ай сайын қойманы босатып отырады. Киім-кешекті қайырымдылық қорына өткізеді. Ал құнды заттарды полицияға береді.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы