389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода эбола дертінен төнген қауіп қайта күшейді

  • 143
  • UPD: 11:54, 25.08.2019
Конгода эбола дертінен төнген қауіп қайта күшейді

Себебі, Гома қаласынан 150 шақырымдай жерде орналасқан Пинга ауылында жаңа оқиғалар тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал бұл аудан қарулы топтардың бақылауында. Сондықтан мамандар «қауіпті вирус қайта өршуі мүмкін» деп дабыл қағып жатыр.

Еске сала кетейік, бірер апта бұрын ғалымдар осы елде адамдарды емдеу кезінде 2 дәрінің тиімділігі анықталғанын мәлімдеген. Қос дәріден вирусты жұқтырғандардың 90%-тіне жуығы құлан таза айығып кеткен. Бірақ мамандар ауруды толықтай бақылауға алу үшін екпе дәріні ойлап табу маңызды деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы