387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі алғашқы қалқымалы атом электр станциясы Чукоткаға аттанды

  • 165
  • UPD: 12:36, 25.08.2019
Әлемдегі алғашқы қалқымалы атом электр станциясы Чукоткаға аттанды

Ресейдің Мурманск қаласынан Чукоткаға қарай әлемдегі алғашқы қалқымалы атом электр станциясы аттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Академик Ломоносов» деп аталған станция 100 мың тұрғыны бар қаланы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады. Ол бұл шаһардағы 2 электр станциясын ауыстыруы тиіс. Алайда табиғатты қорғаушылар қалқымалы атом электр станция өте осал сондықтан қоршаған ортаға қауіпті деп отыр. Бірақ билік бірегей жоба көп тексеруден өтіп, халықаралық ұйымдардың еш сынына ұшырамағанын алға тартады.

Айта кетейік, бұл қалқымалы атом электр станциясын салуға 10 жыл кеткен.

Хабар 24 телеарнасы